Bugin

Туған немересін сатпақ болған қызылордалық әйел ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: fotoxcom.ru

Қызылорда қаласында әйел кәмелеттік жасқа толмаған қызының нәрестесін сатуға әрекет жасаған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл оқиға жайлы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Онда анасы кәмелеттік жасқа толмаған қызының өмірге алып келген нәрестесін сатуға әрекеттенгені айтылған. Жасөспірім қыз кафелердің бірінде даяшы болып еңбек еткен.

Қызылорда облыстық полиция департаменті аталған оқиғаның болғанын растады. Ол жөнінде төмендегідей түсініктеме берді.

"Осы жылдың 7 қыркүйегінде тіркелген дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 135-бабының 1-бөлігімен (кәмелетке толмағандар саудасы дерегі бойынша) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу деректері жария етілмейді", - деп жазылған департамент хабарламасында.

Оқиғаға байланысты облыстық білім басқармасы түсініктеме беріп, бақылауға алынғанын жеткізді.

"Оқиға тіркелген уақыттан бастап білім бөлімінің қамқорлық, қорғаныш функциясын жүзеге асыратын орган мамандары бақылауға алды. Оған қатысты тиісті шаралар атқарылды. Бүгінгі таңда сәби кәмелетке толмаған анасының қолында екенін жеткіземіз", - деді облыстық білім басқармасынан.