Bugin

Геннадий Головкин Шавкат Рахмоновқа жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94/

Кәсіпқой бокс жұлдызы Геннадий Головкин UFC жауынгері Шавкат Рахмоновқа сенім білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Екі спортшы кеше Қазақстан құрамасының Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі жеңісті матчына қатысты. Кейін Рахмонов Головкинмен түскен суретін жариялап, жауап алды.

"Шавкат Рахмонов, саған сәттілік тілеймін! Біз сені қолдаймыз", - деп жазды Головкин Instagram парақшасында.

Қазақстан мен Солтүстік Ирландия матчына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  қатысты. Ойыннан кейін Мемлекет басшысы футболшыларды жеңісімен жеке құттықтады.