Bugin
Фото: Джоан Хантер
Ұлыбританияда Джоан Хантер есімді түрме қызметкері тұтқынмен қарым-қатынас жасап, оны есірткімен қамтамасыз еткені үшін сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы LADbible сайтына сілтеме жасап.
2020 жылдың желтоқсанында Үлкен Манчестердегі Салфорд түрмесінде жұмыс істеген 27 жастағы Джоан Хантер түрме аумағына ұялы телефон мен каннабисті заңсыз әкеліп, оны тұтқын Коннор Уиллске береді. 6 қыркүйекте ол бұл ісі үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, түрмеде 2018 жылдан бері жұмыс істеген Хантер мен қылмыскердің арасында қарым-қатынас басталғанын анықталды. Салдарынан түрме қызметкері сүйіктісін үшін өз қызметін адал атқармаған.
Бұл ретте ол тұтқынмен қарым-қатынасының сексуалдық сипатта болғанын жоққа шығарды.
Хантердің адвокаттары оны тәжірибелі қылмыскердің ықпалына түскен "аңғал әйел" ретінде көрсетуге тырысқанымен, судья әйелдің өзінің "құмарлығынан" әрекет етіп, әріптестері мен басқа тұтқындарға қауіп төндіргенін айтты. Ол сондай-ақ Хантердің "сот төрелігі жүйесінің жүрегіне соққы жасағанын" айтты.