Bugin

Қарағандыда ер адам бірнеше әйелге үйленіп, ЖИТС инфекциясын әдейі жұқтырған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағанды ​​облысында ер адам бірнеше әйелге алдап үйленіп, ЖИТС (ВИЧ) инфекциясын әдейі жұқтырған. Тіпті олардың бірі жүкті болып қалған. Деректерге сай ер адамның заңды үйленген жұбайынан да бұл ауру анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы “Патриот” Telegram арнасына сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, ер адам әйелдермен жыныстық қатынасқа түсіп қана қоймай, олардың әрқайсысымен үйленген. Бірақ өзінің  ЖИТС инфекциясымен тіркеуде тұрғанын бірінші әйеліне де, екіншісіне де айтпаған.

Жүкті болып қалған әйелдерінің бірі шындықты емханаға тіркелгеннен кейін білген. Емханадағы міндетті тексеріс кезінде ол өзінің ЖИТС-ке шалдыққанын біліп, есеңгіреп қалған.

“Әйел емханада қатты жылап, бұл инфекцияны қалай жұқтырғанын түсінбеді. Психологтар оны тыныштандырды. Емханаға ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары мен полиция қызметкерлері келді. Әйел күйеуінен басқа серіктесі жоқ екенін айтты”, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полиция күйеуін ұстады.

Оның бұрын үйленгені де белгілі болды. Полицейлер бірінші әйелін тауып, оны сынақтан өтуге көндірді. Нәтижесінде оның да жұқтырғанын анықталды. Қазір ер адам қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Ал жүкті әйел қазір дәрі-дәрмек ішіп бар шараны қолдануда. Дәрігерлер сәбидің дені сау туатынына үміт бар екенін айтады. Анасы қазір жүктіліктің сегізінші айында.

Қарағандыда автобус 71 жастағы зейнеткерді қағып өлтірді

Бойжеткен энергетикалық сусын кесірінен ауыр халге түскен