Bugin

Балалар қанша жасынан бастап орамал тағуға тиіс: ҚМДБ жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Shutterstock

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оқушы қыздардың мектепке орамалмен баруына қатысты туындаған мәселеге өз мәлімдемесін жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

ҚазАқпарат мәліметінше, жыл сайын жаңа оқу жылы басталысымен қыз балалардың мектепке хиджабпен баруына рұқсат ету мәселесі қызу талқыланады. Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пікір қосып, мектеп формасы бұйрығын ұстану керегін айтқан еді.

"Иманды, білімді ұрпақ тәрбиелеу – әрбір ата-ананың басты мақсаты. Шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу – парыз. Сол секілді білім алудың да үкімі – парыз", - делінген хабарламада.

Мүфтият шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу парыз екенін жоққа шығарған емесін жеткізеді.

"Сондай-ақ орамал тағу - ұлттық дәстүріміз. Мұны мұсылман қауымы терең түсінуге тиіс. Алайда шариғатымыз балиғат жасына толмаған қызға орамал тағуды міндеттемейді. Мұны да мұсылман жамағаты дұрыс түсінуі керек", - деп жазылған мүфтият мәлімдемесінде.

Жекеменшік мектепте хиджаб киюге бола ма?