Bugin

Алматыда ұзақ уақыт бойы туған қызын зорлап келген әкеге үкім шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: globalnews.kz

Алматыда өзінің туған қызын ұзақ уақыт бойы зорлап келген ер адам 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігімен тіркелген қылмыстық істі Алмалы аудандық полиция басқармасы тергеді.

"Іс жүргізу материалдарында 1979 жылы туған М. есімді азамат 2021 жылдан бері 2009 жылы туған кәмелетке толмаған қызымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскен. Моральдық зиянмен қоса, денсаулығына да зиян келтіргені анықталды. Қыз бала бұл туралы анасына екі жылдан кейін айтқан. Ал анасы өз кезегінде полицияға арызданған.

ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес М. есімді азамат дереу уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Содан кейін сот оны қамауға алуға санкция берді. Күдіктінің кінәлі екенін бірқатар сараптамалық зерттеулер, жәбірленуші қыздың түсініктемесі және тергеу әрекеттері дәлелдеді", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

2023 жылғы 16 тамызда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М. есімді азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.