Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: tvc.ru
Ресей Федерациясының Ростов облысында психикалық ауруға шалдыққан 15 жастағы жасөспірім төрт адамды пышақтап тастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы halyq-uni.kz сайтына сілтеме беріп.
Порталдың хабарлауынша, оқиға бүгін таңертең Ресей Федерациясының Ростов облысы Неклинский ауданындағы Красный десант ауылында болған. Ол қолына қару ұстап, мектепке кіргісі келіп, алдынан шыққан төрт адамды пышақтаған сәтінде ұсталған.
"Төрт ересек адам жарақат алды. Бірақ оқушылар зардап шеккен жоқ. Ол бетперде тағып, төрт ересек адамды, соның ішінде үш қызметкер мен оқушылардың бірінің туысын жаралады", – деді Ростов облысының губернаторы Василий Голубев.
161.ru сайтының мәліметінше, төрт адамның бірі алты жерден жарақат алған. Қазір ол ауыр халде ауруханада жатыр.
Бұған дейін Ресейдің Ижевск қаласында бір жасөспірім мектепте оқушыларға оқ жаудырып, 17 адамды атып тастаған еді. Осы оқиғадан соң сарапшылар мектепке күзет қоюды ұсынған еді. Ол мәселе әлі қарастырылып жатыр.