Bugin
Фото: sn.kz
Атырауда 5-қабаттан құлаған 4 жасар бала мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше, 10 қыркүйекте тіркелген.
"Жергілікті уақытпен сағат 19:30 шамасында көпқабатты тұрғын үйдің 5-қабатынан 2019 жылғы бала құлап кеткен. Балақай әртүрлі дене жарақатының салдарынан есін жимастан қайтыс болды", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Белгілі болғандай, баланың ата-анасы Атырау қаласының тұрғындары екені анықталған. Бұл отбасы Махамбет көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде тұрады.