Bugin

Депутат өзіне қысым күшейгенін мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: dalanews.kz

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек баласының арбасын өртеу ісін өзіне жасалған қастандық деп есептейтінін айтты. Депутат мұны әлдекімдердің кәсіби қызметіне кедергі келтіру мақсатында жасап отырғанын айтты. 

Айта кетсек, биыл 7 кыркүйекте оның пәтерінің алдында тұрған баласының арбасын белгісіз біреулер өртеп жіберген.

"Бейнебақылау камераларын қарадық. Кіреберіске кіріп, арбаны өртеп жіберген. Менің ойымша, бұл провакация. Және мен мұны кәсіби қызметіме байланысты арандатушылық деп санаймын. Соңғы кездері менің тарапыма көптеген қоқаң-лоқы жасалып жүргенін байқап жүрмін”, - деді Бақытжан Базарбек. 

Ол әзірге бұл жағдайдың "кімдердің ұйымдастырып отырған ісі" екенін білмейтінін айтты. 

Бұл менің республикалық жер комиссиясы басшысының орынбасары қызметін атқарған кезден басталады. Қазір біз "Жер аманаты" республикалық комиссиясымен бірлесіп, Forbs кітабына енген бірнеше олигархтың жерлерін тексеріп жатырмыз. Одан кейін Іле-Алатау саябағының жанында Новиков деген үлкен генералдың жері бар. Соның да жерін тексеруге алайық деп отырмыз. Сонымен қатар BI-Group жерлері де тексерілуде. Заң жобалары бар. Сондықтан, қай жақтан қауіп-қатер төніп жатқанын мен білмеймін. Айта алмаймын, бірақ өкінішке қарай біздің елді жай адам да, депутат та қорғалмаған - деді депутат. 

Депутат Азат Перуашев қанша әйелі барын айтты