Bugin

Алматы облысында аспирин ішіп суицид жасаған оқушының жағдайы анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: m.fishki.net

Алматы облысында бір қорап аспирин ішіп өз-өзіне қол жұмсамақ болған оқушының жағдай белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Алматы облыстық білім басқармасы мәлім еткендей, аталған жағдайға байланысты арнайы жұмыс тобы құрылған.

Олар тиісті талдау жасап, зерттеу жүргізеді. Сонымен қоса барлық мектепте профилактикалық жұмыс қолға алынған.

"Мақсат - оқушыларға қауіпсіз әрі ыңғайлы орта құрып, сапалы білім беру", - деп атап өтті басқармадан.

Ведомство өкілдері қазіргі таңда оқушының жағдайы бірқалыпты екенін жеткізді.

"Бала бүгін сабаққа қатысты. Онымен мектеп мұғалімдері, психологтар, мейірбике жұмыс істеп жатыр",- делінген хабарламада.