Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: astanatv.kz
Ливияның шығысындағы жойқын су тасқыны салдарынан болжам бойынша, 2 мыңнан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Билік ең қатты зардап шеккен Дерна қаласын апат аймағы деп жариялады. Шенеуніктер электр қуаты мен байланыс үзілгендіктен қалаға кіру мүмкін болмай қалғанын айтты.
Елдің әскери өкілі баспасөз мәслихатында Дермадағы қатты су тасқыны салдарынан 1200 адам зардап шеккенін айтты.
Al Jazeera су тасқынынан әскерилер өкілі айтқандай 2000 емес, 150 адам көз жұмғанын жазды. Бұл статистиканы Бенгазидегі Қызыл жарты ай ұйымының басшысы Кайс Факери келтірді. Олардың мәліметінше, 6 мыңға жуық адам із-түзсіз жоғалған деп саналып отыр.
Шенеуніктің сөзінше, Әл-Мардж, Суса, Шахат және Әл-Байда қалаларында да бірнеше адам қайтыс болған.
"Бүтіндей кварталдар тұрғындарымен бірге қирады", – деді Ливия әскери ведомствосының басшысы.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61