Bugin
Фото: ttjk.info
9 қыркүйек күні астанада PRO.NRG FEST – балаларға және ересектерге арналған ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ttjk.info сайтына сілтеме жасап.
PRO.NRG FEST –бұл танымдық отбасылық уикенд форматында өткізілетін ауқымды ғылыми-көпшілік іс-шара. PRO.NRG FEST екінші жыл қатарынан Қазақстандағы ең ірі ғылыми-көпшілік фестивалдерінің бірі болып келеді.
Оқушылар сарайында күні бойы лекциялар, интерактивті шоулар мен қойылымдар өткізілді, бұл отбасыларды ғылым мен технологиялар, қызықты ашылымдар мен жаңа білім әлеміне апарды.
PRO.NRG FEST Қазақстанда STEAM-білім беруді дамытып келе жатқан "Caravan of Knowledge" білім беру қорының бастамасымен өткізілді. Фестивалді екінші жыл қатарынан "Шеврон" компаниясы серіктес ретінде қолдап отыр. Бұл компания ғылымға, жаңа технологияларға және тиімді білім беру шешімдеріне деген қызығушылықты ұлғайтатын бағдарламаларға жүйелі түрде қолдау көрсетеді.
PRO.NRG FEST-те іс-әрекеттегі ғалымдар мен зерттеушілерді кездестіріп, оларға сауалдар қойып және тіпті эксперименттерге де қатысу мүмкіндігі болды. Фестиваль балалар мен ересектерге ғылымды жаңа қызықты жағынан қабылдауға көмектесетін ұмытылмас тәжірибе сыйлады.
“Отбасылық фестиваль екінші жыл өткізіліп жатыр және екінші жыл барлық жас ерекшелігіндегі адамдар біздің миссиямызға қосылып жатыр. Біз білімге деген ынтаны қолдауға тырысамыз және зор кері байланыс алып отырамыз. Осы жолы біз еліміздің барлық аумақтарынан іздеген көбірек қазақстандық бірегей спикерлерді шақырдық – еліміздің әртүрлі жерлерінен келген 50-ден астам ұстаздар өздерінің инновациялық тәсілдерімен бөліседі. Сонымен қатар, біз басқа қалалардан, елдерден келген көптеген қонақтарды да көріп отырмыз, білім мен ғылымға деген ұмтылыс адамдарды соншалықты шабыттандыратыны қуантады”, – деп, "Caravan of Knowledge" білім беру қорының жетекшісі Зарина Биюмбаева атап өтті.
PRO.NRG FEST – бұл сондай-ақ STEAM ұстаздарына арналған білім беру және нетворкингтік платформа. S – science (ғылым), T – technology (технология), E – engineering (инженерия), A – art (шығармашылық) и M – mathematics (математика). Бүгінде STEAM-білім беру пәнаралық және қолданбалы тәсілдерді қолдануға, сонымен қатар, барлық бес пәнді біріңғай білім сұлбасына интеграциялауға негізделген.
“1993 жылы "Шеврон" Қазақстанға келген бірінші халықаралық энергетикалық компаниялардың бірі болды. 30 жылдан астам уақыт біз мемлекеттің мұнай-газ секторының дамуын қолдап келеміз. Сол уақыттан бері біз елдің басты ресурсы – адамдардың, әсіресе, жастардың энергиясын дамытудамыз. Олардың тапқырлығына, шығармашылығына және шексіз мүмкіндіктеріне біз сенеміз. Біздің әлеуметтік жобаларымыз адам капиталын дамытуға, дәулеттілікке және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. PRO.NRG FEST-ті қолдай отырып, біз STEAM білім беру аясында экожүйе қалай қалыптасатынын көрсеткіміз келеді”, – деп, ашылымда "Шеврон" компаниясы Еуразиялық бөлімшесінің бас директорының орынбасары Дилан Морган мәлімдеді.
Фестиваль қатысушыларды сабақта өнер мен зерттеулерге арналған кеңістікті жасап отырған ұстаз-новаторлармен таныстырды. Олар оқу қызықты және тиімді болу үшін ең алдыңғы қатарлы білім беру технологияларын қолданады.
“Біз PRO.NRG.FEST ғылыми отбасылық фестивалін біздің STEAM-бағдарламаларымызды іске асыру нәтижелерін көрсету және аудиторияны мұғалім-новаторлардың сәтті кейстерімен таныстыру үшін де өткіземіз. Фестиваль ғылым мен мектеп пәндері қызықты әрі көңілді бола алатынын көрнекі көрсетеді. Біз осындай фестивалдер өткізуді басқа қалалар мен компаниялар қостап әкететін трендке айналдырғымыз келеді”, – деп "Шеврон" компаниясындағы Еуразиялық бөлімшесінің әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмуханова атап өтті.
Биылғы жылы PRO.NRG FEST-тің бөлігі Science on Stage Europe ұлттық кезеңінің финалы
болды. Бұл нетворкингке арналған халықаралық алаң және әлемнің түкпір-түкпірінен келген мұғалімдер ғылыми пәндерін оқытудағы өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісуге арналған сайыс. Фестивальде 2024 жылы Финляндияның Турку қаласында өтетін Science on Stage Europe жаһандық финалында біздің оқытушылар қауымдастығы атынан қатысатын жеңімпаздар анықталды.