Bugin

Кәмелетке толмаған қызды зорлап, суицидке жеткізген күдіктіге сот үкімі шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: azh.kz

 

Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызды зорлап, кейіннен бопсалаған күдіктіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл іс Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында зорлау фактісі бойынша қаралды.

Белгілі болғандай, қылмыскер кәмелет жасқа толмаған жәбірленушімен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсіп, ол әрекетін видеоға түсірген.

Содан кейін оны жарияламау үшін қыздан ақша талап еткен.

Кейіннен порнографиялық материалдарды әлеуметтік желіде заңсыз таратқан. Жәбірленуші бұны көтере алмай өз-өзіне қол жұмсаған.

Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК 105-бабы, 3-бөлігі, 122-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағымен, 58-бабының 3-бөлігіне сай 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, 2 жыл түпкілікті педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге қатысты қызметпен айналысуға тыйым салынды.

"Сотталушы кінәсін қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.