Bugin
Фото: GETTY IMAGES
Маомин қаласындағы (Гуандун провинциясы) көл арнасынан тасығанда жағалаудағы 75 қолтырауын қашып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
Олардың кейбірі тірі ұсталып жатса, кейбірін жергілікті билік "қауіпсіздік мақсатында" атып тастауда немесе электр тогымен өлтіруде.
Мемлекеттік ақпарат құралдарының мәліметінше, қазіргі уақытқа дейін тек 8 қолтырауынды ұстау мүмкін болған.
Маомин қаласында (Гуандун провинциясы) бірнеше қолтырауын фермасы орналасқан. Олар тері мен ет үшін өсіріледі.
Бюроның мәліметінше, фермадан 69 ересек қолтырауын және алты жас бауырымен жорғалаушы қашып шыққан. Олардың ұзындығы 3 метрге дейін жетеді. "Қашқындарды" ұстауға қатысып жатқан өрт сөндірушілердің бірінің айтуынша, ауланған ересек қолтырауынның орташа салмағы шамамен 75 келі, ұзындығы 2 метрден асады.
Билік фермаға жақын маңдағы халықтан қауіпсіздік мақсатында үйден шықпауды сұрады.
Гонконг, Тайвань, Жапония және Қытайдың бір бөлігіне жеткен "Хайкуй" тайфуны оңтүстік Азияны бір аптадан астам уақыттан бері шулатуда. Табиғи апат салдарынан жеті адам қаза тауып, тағы үшеуі із-түзсіз жоғалғаны белгілі.
Жүздеген алматылық Қытайдан тауар жеткізіп тұрған бизнесвуменді айыптады
Алып қолтырауынның туристер мінген қайыққа секірген видеосы тарады