Bugin

Шымкентте ауруханадан қашып кеткен алаяқ әйел іздестіріліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:  Polisia.kz 

Шымкент полицейлері ауруханадан қашып кеткен алаяқты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, Шымкент қаласының 40 жастағы тұрғыны Феруза Корчиева азаматтарды алдап, 12,7 миллион теңге алған. 

"Ол досының мүлкін кепілден босатуға уәде беріп, одан ірі көлемдегі ақшаны алып, содан кейін байланысын тоқтатқан. Полиция қызметкерлері ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігімен аталған фактіні тіркеді. Қазір әйел қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүр", - деді полицейлер.

Бұған дейін ол денсаулығына байланысты жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізіліп, емдеу мекемесінен қашып кеткен.

Бөлім іздестіріліп жатқан әйелдің қайда екені туралы қандай да бір мәлімет білсе, 102, 8-7252-33-98-42, 8-702-757-79-57, 97-60-09 телефондарына хабарласуын сұрайды.