МӘДЕНИЕТ
Фото: bugin.kz / Айгерім Әділханова
Ерте заманда көшпенділер сақинаны қауіпті қару түрінде пайдаланған. Бұл туралы толығырақ Bugin.kz тілшісі баяндайды.
Көшпенділер дәуірінде қолөнершілер мен ұсталар жауынгерлік киімдерімен қатар, қауіпті қаруларды құпия түрде жасаған.
Сондай қарудың бірі - сақина. Бұл әшекейді тікелей адам өлтіруге де қолданған. Қолөнершілер сақина жасаған кезде ішіне бос орын қалдырып кеткен. Сол бос орынға уды тығып қойған.
Қолданатын кезде сақинаның аузын ақырын ашып, ішіндегі уды сусынға құйған. Осылайша, жауын білдіртпей өлтіріп отырған.
Дереккөз: "Қазақтың ежелгі мәдениеті мен қару-жарақтары" кітабы