Bugin

Түркістан облысында ұсақ малдар белгісіз ауруға шалдыққан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: azattyq-ruhy.kz

Түлкібас ауданы Шақпақ ауыл округі Шақпақ баба елдімекенінде бір ұсақ малдан сібір жарасы табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Шақпақ баба елді мекенінің ұсақ малдарын бақташы ауылдан 4-5 шақырым жерде бағып жүрген. Соның ішінде 7 айлық тоқты сібір жарасын жұқтырған деген күдік болған. Кейін мамандар тарапынан жүргізілген сараптама оң нәтиже берді.

"Ошақтағы 504 бас уақ мал мен 1 бас жылқыға вакцина және 60 000 мың мл глюзамин ВЕТ залалсыздандыру препараты бөлінді Елді мекеннен 4 шақырым қашықтықтықта орналасқан 1000 шаршы метр қоражай аумағына бүрку арқылы дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Ауыл тұрғындары және ауыл шаруашылығы жануарлары арасында "Сібір жарасы" ауруының белгілері тіркелмегенін, облыс көлемінде эпизоотиялық жағдай тұрақты екенін хабарлаймын" - делінген Түркістан облысы ветеринария басқармасының ақпаратында.