Bugin

Әлеуметтік желіде мопед мінген оқушының видеосы тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: kris.p.almaty

Алматы қаласында мопедпен мектепке бара жатқан оқушы видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды  bugin.kz порталы.

Видео kris.p.almaty парақшасына жүктелген.

"Алматы қаласындағы Розыбакиев және Жамбыл көшелерінің қиылысында мектеп формасын киген оқушы мопед айдап бара жатыр. Оқушының жасы нешеде екені белгісіз. Тіпті оқитын мектебі де әлі анықталмады", - делінген ақпаратта.

Әлеуметтік желіде түрлі пікірлер жазылып жатыр. Халықтың көп бөлігі жас баланың мопед айдауын дұрыс емес деген.