Bugin

Бұрынғы сүйіктісінің күйеуін өлтірген: Оқиғаға қатысты тың деректер шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Kozachkov offside

Шымкентте адам өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

12 қыркүйекте сағат 12:30 шамасында полицияның "102" арнасына көпқабатты үйдің кіреберісінде жергілікті тұрғынды соққыға жыққаны туралы хабарлама түскен.

"Шақырту түскен мекенжайға Тұран ауданының полицейлері мен жедел жәрдем барды. Медицина қызметкерлері 35 жастағы азаматтың көз жұмғанын мәлімдеді. Жедел тергеу тобы жәбірленушіні оның бірге тұратын әйелінің бұрынғы сүйіктісі қызғаныш үстінде ұрып-соққанын анықтады. Қарсыласының есінен танып қалғанын байқаған қаскүнем дереу оқиға орнынан қашып кеткен", - делінген хабарламада.

Криминалды полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің сырт келбеті мен жеке деректері көрсетілген бағдарды алып, оны шұғыл іздеп, қолға түсірді.

Сондай-ақ журналист Михаил Козачков Telegram арнасында күдіктінің бұған дейін бұрынғы енесін сабап тастағанын, сол үшін түрмеге отырғанын жазды. Алайда бұрынғы енесі екеуі татуласқан соң, судья оны қамаудан босатып жіберген. Түрмеден кейін сүйіктісінің үйіне барған кезде ол ер адамды өлтірген.

“Сергей Слабжин Кристинаның анасымен татуласып, оған материалдық шығын өтеп беруге келіскен. Сондықтан судья Сәбит Төреханов жігітті темір торға жібермей, тек 3,5 жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. 106-баптың санкция бойынша сотталушыны қоғамнан 8 жылға шеттелуі керек еді. Үкім 11 қыркүйекте, яғни екі күн бұрын жарияланды. Осы жерде сұрақ туындайды. Біздің судьялардың қашанға дейін қылмыскерлерге бүйрегі бұрып тұрады? Түрмелер экономикалық баптар бойынша сотталғандар мен есірткі тасымалдаушыларға толы. Оларға 10-14 жыл беріледі. Ал адамды өлгенше сабайтындар бостандықта жүреді”, – деп жазды журналист. 

Күдікті полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі (Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Шымкентте ауруханадан қашып кеткен алаяқ әйел іздестіріліп жатыр

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61