Bugin

Алматы облысында үш жасар бала кәріз құдығына түсіп көз жұмған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: inform.kz

Алматы облысында балабақшада үш жасар бала кәріз құдығына түсіп көз жұмды. Қайғылы оқиғаны Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

13 қыркүйек сағат 13:08 шамасында Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылында үш жасар бала балабақшаның бірінің аумағында ашық кәріз құдығына құлаған. Ол ауыл ауруханасында көз жұмды.

“Аталған дерек полицияда ҚР Қылмыстық кодексі 141-бабының 2-бөлігі “Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау”  бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерттеу үшін қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады полиция департаментінің өкілі.

Тергеу барысын Әленов жеке бақылауына алғанын мәлімдеді. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінше, өзге ақпарат жария етілмейді.