Bugin

Гипермаркетте түнеген тиктокерлер ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Видеодан алынған кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Полиция 13 қыркүйек күні TikTok әлеуметтік желісін бақылау барысында төрт жас жігіт "Анвар" гипермаркетінде оның жабылуын күткен видеоконтентті анықтады. Гипермаркетте түнеп қалып, білгендерін істеген топ құрықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.

"Олар іште қалып, мінез-құлық мәдениетіне сәйкес келмейтін әрекеттерге барған. Құқық бұзушыларды жеке күзет мекемесінің жедел әрекет ету тобының қызметкерлері ұстады. Мән-жайды анықтау үшін оларды полицияға тапсырды", - деп жазды Ішкі істер министрлігіндегілер.

Бұзақылар ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімі шыққанға дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды.