Bugin

Қайрат Боранбаев 90 млрд теңгедан асатын активтерді мемлекетке қайтарды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: kazfootball.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыруға байланысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу шеңберінде жалпы құны 90 млрд теңгеден асатын активтерді, оның ішінде: мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақүй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді мемлекет меншігіне ерікті түрде қайтару жөнінде шаралар қабылданды.

Сондай-ақ, Қ.Боранбаев Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды.

Осы объектілердің барлығы мемлекеттік органдар мен компаниялардың балансына беріліп, болады, ал ақшалай қаражат білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін пайдаланылатын болады.

Қайрат Боранбаев кінәсін мойындады

Швейцария Өзбекстанға Гүлнар Каримованың 131 млн доллар активін қайтарады