Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: komiinform.ru
Алматыда жолды кесіп өтпек болған 17 жастағы бозбаланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 13 қыркүйек күні түнгі сағат 23:55 шамасында Алатау ауданында болды.
"BMW" маркалы автокөліктің жүргізушісі - 1994 жылы туған К. есімді азамат, Райымбек даңғылымен батыс бағытта келе жатып, жаяу жүргінші - 2006 жылы туған Ш. есімді азаматты белгі қойылмаған жерден солтүстікке қарай жолды кесіп өтіп бара жатқанда қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды",- деп хабарлады ведомстводан.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61