Bugin

Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне байланысты жаңа дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: inform.kz

Арыстанбек Мұхамедиұлына тағайындалған сот үкімі өз күшінде қалды. Ұлттық музейдің бұрынғы директоры жазасын сот үкіміне сай өтейді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

"Арыстанбек Мұхамедиұлының апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын. Қаулы заңды күшіне енді. А. Мұхамедиұлының кінәсі толық дәлелденді, оны қорғаушылардың дәлелдері расталмады. Сотталушыны атауға негіз жоқ. Аталған іс бойынша аудиторлық зерттеу жүргізілді", - деді судья Мұрат Солтыбаев.

Оның айтуынша, А. Мұхамедиұлы, А. Нұразхан, А. Көшенов және А.Сәдуақасованың кінәсі толық дәлелденген.

"Сотталғандар мен олардың қорғаушыларының апелляциялық шағымда келтірген дәлелдері сот барысында расталмады. Сот барлық дәлелдемелерге тиісті баға берді. Сотталғандарды ақтауға және істі қайта қарауға негіз жоқ", - дейді ол.