Bugin

Алматыда қамауда отырған екі өзбекстандық туралы жаңа дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: inform.kz

Қазақстанда қамауда болған Өзбекстан азаматтары Қошқарбай Төремұратов пен Жангелді Жақсымбетов босатылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайында Қазақстанда тұратын қарақалпақ диаспорасының мүшесі Ақылбек Мұратбай әлеуметтік желіде мәлім етті.

"Алматыдағы тергеу изоляторынан екі қарақалпақ азаматы босатылды. Олар бір жыл бұрын Қарақалпақстандағы наразылық басылғаннан кейін Өзбекстанның талабы бойынша қамауға алынған. Қазақстан оларға баспана беруден бас тартты, бірақ үшінші елге кетуге рұқсат беріледі деп үміттенеміз", - деп жазды белсенді X (бұрынғы Twitter) желісінде.