Bugin
Фотограф: Ron Lach : https://www.pexels.com/ru-ru/photo/10475172/
Оралдағы тергеу изоляторында тұтқындар қабырғадағы үлкен саңылау көмегімен әйелдер камерасына өткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Мой Город басылымына сілтеме жасап.
Оралдағы №74 уақытша ұстау изоляторынан түсірілген бейнежазба жарияланды. Бейнежазбада ер адамның қабырғадағы саңылаудан басқа камераға өткенін көруге болады. Бейнежазба авторы сотталғандар ескі ғимараттың қабырғасынан осылай саңылау жасап алып, әйелдер камерасына кіретінін айтады.
"Басшылық тарапынан бақылау мүлдем жоқ. Қашатындар осылай қашады. Министр мырза, қандай да бір шаралар қабылдаңыз", – делінген жазбада.
Батыс Қазақстан облысытық ҚАЖД баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізілгенін мәлімдеді.
Оралдағы бұл тергеу изоляторы 1858 жылы ІІ Екатерина патшайымның бұйрығымен салынған және қазіргі уақытта қаладағы апатты жағдайдағы ғимараттардың біріне жатады.