Bugin

Жыл басынан бері Ресей мен Қырғызстанға 90 мың литр жанармай кете жаздады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фотограф: Harrison Haines: https://www.pexels.com/ru-ru/photo/2869635/

Қазақстанда жыл басынан мұнай өнімдерін заңсыз алып кетудің 799 фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Мемкірістер комитетіне сілтеме жасап.

Бүгінде мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан аумағынан тыс жерлерге алып кетуге тыйым салынған.

Мәселен жылдың басынан бері Еуразия экономикалық одағының кедендік шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде жалпы көлемі 54 700 литр мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 187 фактісі анықталды, мемлекет бюджетіне жалпы сомасы 7,3 млн теңге айыппұл өндірілді.

Ресей Федерациясымен және Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекарада орналасқан автомобиль өткізу пунктерінде жалпы көлемі 89 942 литр мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 612 фактісі анықталды.

Сонымен қатар, "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" заңды ескере отырып, мұнай берушілер мен мұнай өнімдерін өндірушілер экспорт құқығына ие, сондай-ақ экспорт көлемі Энергетика министрлігі бекітетін жеткізу жоспарына сәйкес келуі тиіс (бензинді, авиация және дизель отынын).

Қазақстан Республикасындағы Кеден кодексінің 150-бабына сәйкес декларант:

- тауарларды кедендік декларациялауды жүргізуге;

- кеден органына кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуға;

- декларацияланатын тауарларды көрсетуге;

- кедендік төлемдерді төлеуге;

- кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтауға;

- өзге де талаптарды орындауға міндетті.

Декларант Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, кедендік декларацияда анық емес мәліметтерді мәлімдегені, сондай-ақ кеден өкіліне жарамсыз.