Bugin

Семейде перинаталдық орталығында әйел лифтің ішінде босанған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

фото: pixabay.com: UGC

Семейде облыстық перинаталдық орталықтың лифтінде техникалық ақауларға байланысты бес жүкті әйел қалып қойған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Abainews.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Лифт істен шыққан кезде бір әйелдің толғағы келген. Жанында тұрған  әйел лифтіде босануына көмектескен.

Лифтіде қалып қойған әйелдің анасы осы медициналық мекемеде акушер болып жұмыс істейді екен, бірақ сол кезде еңбек демалысында болған және онымен бірге серіктес боп босандыру үшін келген. 

“Анам бір сағат бойы Семей қаласының перинаталдық орталығының лифтінде қалып қойса да, босандырып алды. Біз, бес жүкті әйел, осы уақыт ішінде болдық", –  деді қызы.

Ал облыстық перинаталдық орталық бұл оқиғаға әзірге түсініктеме бермеді.