Bugin

Ливияда болған су тасқынынан қаза болғандар саны 11 мыңға жетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Esam Omran Al-Fetori / Reuters
 

Дерна қаласында болған су тасқыны салдарынан 11 мың адам қаза тауып, 20 мың тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы РБК Al-Hadath-қа сілтеме жасап мәлім етті.

Ливиядағы Халықаралық Қызыл Крест комитеті азаматтар мен құтқарушыларды абай болуға шақырды.

"Дерна – соғыстан қалған жарылуы мүмкін қалдықтармен ластанған қала екені белгілі. Су тасқыны салдарынан оқ-дәрі мен мина қалдықтары бұрынғы орнынан қалаға шашылған болуы мүмкін,", - делінген хабарламада.

10 қыркүйекте Ливияның шығысына "Даниэль" дауылы төнді. 

Дауыл кесірінен Дернаны қоршап тұрған екі плотина жарылып, су тасыды. Су адам тұратын кварталдарды шайып, Ливияның шығыс бөлігіндегі жағалау маңындағы үйлерді қиратты. Билік өкілдері төтенше жағдай жариялады. Мектеп пен дүкендер жабылып, коменданттық сағат енгізілді. БҰҰ ұйымы жергілікті және ұлттық деңгейде жедел көмек көрсетуге уәде берді.