Bugin

11-сынып оқушысының өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Сюжеттен кадр

Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірім көршісінің сарайында асылып қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

11-сыныптың оқушысы бір күн бұрын кешке үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Тәртіп сақшыларына жүгінген туыстары мен марқұмның достары оны бір күн бойы іздепті. Кейін жасөспірімнің мәйітін көршісінің сарайынан табылды. 

“Полиция бөліміне көршілерінің сарайынан 2007 жылы туған кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы, өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр”, – деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Марқұм отбасының кенжесі екен. Өмірі ашық-жарқын жүретін, оқуда үлгерімі жақсы оқушының біреуге өкпелеп немесе күйзеліске түскенін ұстаздары да, достары да көрмегенін айтады. Оның бұл қадамға не үшін барғаны да белгісіз болып отыр.  

“Бала өте ашық, жарқын болды. Осы мектеп ашылғалы, 1-сыныптан бастап оқып жатыр. 11-сынып оқушысы, үлгерімі жақсы, жан-жақты бала. Оқу басталғалы екі аптада сабақтан қалған жоқ, тұрақты сабаққа келіп жүрді”, – дейді Ақтөбе №8 мектебінің директоры Айсұлу Жақсыбаева

Ақтөбеде 11-сынып оқушысы өзіне қол жұмсап көз жұмды

Алматы облысында аспирин ішіп суицид жасаған оқушының жағдайы анықталды