Bugin

Прокуратура Қайрат Боранбаевпен процестік келісім жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: © Sputnik / Владислав Воднев

Астана қаласының прокуратурасы Қайрат Боранбаев және оның сыбайластарымен келісімге келді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Астана қаласының прокуратурасы Қ.Боранбаевпен және басқа сотталушылармен "ҚазТрансГаз" АҚ-ның қаражатын иемденуге қатысты кінәні мойындау туралы процестік келісім жасады. Заң бойынша мұндай келісім сотталушылардың еркімен, олардың тағылған айыппен келісуімен, дәлелдемелерге дау келтірмеуімен, залалды мойындауы және жәбірленушінің келісімімен жасалады. Осы орайда қала прокуратурасы сотталушылардың кінәларын толық мойындауын және 14,5 млрд теңгенің залалын өтегенін ескеріп, жәбірленуші тараптардың келісімімен процестік келісім жасау туралы шешім қабылдады.

Аталған келісім бойынша Қайрат Боранбаев және оның сыбайластарының жазасы жеңілдей түспек.

"Сотталушылар жасаған қылмыстарын мойындағандықтан Қ. Боранбаев пен Р. Нахановтың мүлкін тәркілеп, әрқайсына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қолданса, ал Т. Жанұзақты 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы сұралды. Үшеуі де мемлекеттік қызметті атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасының тағайындалуымен келісті. Мұндай жаза мөлшері Қылмыстық кодекстің 55-бабының 3-бөлігінің талаптарына сүйеніп айқындалды. Оған сәйкес іс жүргізу келісімі жасалған жағдайда жазаның мерзімі мен мөлшері Қылмыстық кодекстің ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделгеннен жоғары мерзімінің жартысынан аспауы тиіс",-делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, хабарламада Қылмыстық кодекстің 189 және 218-баптары бойынша ең жоғары жаза 12 жылдан аспайтынын ескере отырып, сотталушыларға тиісінше 6 және 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын (ең жоғары мерзімнің жартысынан аспайтын) тағайындау ұсынылған.

Ақпаратта айтылғандай, процестік келісімді қарау және оны бекіту туралы шешімді қабылдау үшін сотқа жолданды.

Қайрат Боранбаев 90 млрд теңгедан асатын активтерді мемлекетке қайтарды

"Атышулы Дикий Арман ісі": Сот процесі қалай болып жатыр?