Bugin

Орал: Түрмедегі ер адамдар әйелдер камерасына емін-еркін барып жүрген (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фотограф: Donald Tong: https://www.pexels.com/ru-ru/photo/143580/

Оралдағы тергеу изоляторда қамаудағы ер адамдар әйелдер камерасына өткізетін өткел жасап алған. Оқиғадан кейін кінәлі шенеуніктер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бұл деректі мекеме әкімшілігінің қызметкерлері биыл шілдеде анықтады. Қызметтік тергеу нәтижесінде кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді ҚАЖК баспасөз қызметі өкілі.

Сонымен қатар, мекеме әкімшілігі камера араларындағы бүлінген қабырғаларды жөндеген.

"Осындай тәртіпбұзушылықты болдырмау мақсатында әйел адамдарды ұстауға арналған камералар жеке блокқа ауыстырылды", - деп мәлімдеді ҚАЖК баспасөз қызметі өкілі.

Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз.