Bugin

Қазақстанда біріккен ММА федерациясы өз басшыларын іздеп кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: біріккен ММА федерациясының Instagram парақшасынан

Қазақстанның біріккен ММА федерациясы өз басшылары Алик Айдарбаевқа іздеу салды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы федерацияның Instagram парақшасына сілтеме жасап.

"Қазақстан Біріккен ММА федерациясының жаттықтырушылары мен спортшылары федерацияның қазіргі президенті Алик Айдарбаевты іздеп жатыр.

Алик Серікұлы, спортшылармен байланысқа шығуыңызды сұраймыз!" - деп жазылған федерацияның әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Жазбаның астындағы пікірде Алик Айдарбаев басшы болғалы бері федерацияда қарыз пайда болғаны жазылған.

"Басшы болып тағайындалғаннан бастап, федерацияда салық бойынша 100 миллионнан аса қарыз пайда болды", - делінген жазбада.