Bugin

Үш адамды өлтіріп, денелерін өртеп жіберген күдікті іздестіріліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: syrboyi.kz

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Береке саяжайында үш адам кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы astanatv.kz арнасына сілтеме жасап.   

Қаскөй алдымен әйелді және оның екі баласын зорлықпен өлтірген. Онымен қоймай, денелерін үймен қоса өртеп кеткен.

Қазір тұрғын үй ескерту лентасымен қоршалған. Мұнда полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Баспананың ішінде қанның ізі байқалады. Көршілердің айтуынша, күдікті үйге өрт қойған соң, есікті ішінен құлыптап, терезеден түсіп кеткен. 

Қаза тапқан әйел пәтер жалдап, балаларын жалғыз асырап отырған екен. Әйел қарапайым құрылысшы болған. Жолдасы 2016 жылы қайтыс болыпты. Ал болжам бойынша, күдікті бірге тұрған азаматы екен.

Оқиғаға қатысты ҚК-тің "Кісі өлтіру" бабы бойынша іс тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және оны ұстау бойынша жедел іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық облыстық полиция бөлімшелері мен көршілес аймақтардағы жол полициясына бағыт-бағдар жолданды.