Bugin

Түрмеде сотталғандар жаппай өз тамырларын кескен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: egemen.kz

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысындағы түрмеде сотталғандар жаппай өз тамырларын кескендігі жайлы хабар тарап жатыр. Осыған қатысты ҚАЖ департаменті ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

"ШҚО бойынша ҚАЖ жепартаментінің № 18 түзету мекемесінде сотталғандар жаппай өз өздеріне қол жұмсағаны туралы WhatsApp мессенджерінде таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Алайда 14 қыркүйек күні осы түрмеде екі сотталушы өздеріне дене жарақатын салғанын хабарлаймыз. Сотталғандар бұл әрекеттерін мекеме тәртібімен келіспеуіне байланысты жасағанын, ұстау тәртібімен мен шарттарды жұмсартуды, атап айтқанда, мекемеде еркін қозғалып тұруды, телебағдарламаларды көруді және камера есігін құлыптамауды талап ететінін түсіндірген", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Сотталғандарға ауруханаға жатқызылмай, сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Бұл дерек анықтамаларды тіркеу кітабына тіркелді.\

"ҚАЖ департаментімен қызметтік тергеу тағайындады. Мекемеге прокуратура өкілдері келіп, жеке мәселелер бойынша қабылдау да өткізді", - делінген ақпаратта.