Bugin

Оқушыны өлтірген екі күдікті де ауқатты отбасының ұлы болып шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ktk.kz

Төрткүлде өлтірілген оқушының өліміне қатысты сот басталды, деп хабарлайды Bugin.kz поталы ktk арнасына сілтеме жасап.

Түркістан облысында аса қатыгездікпен өлтірілген оқушының өліміне қатысты сот процесі басталды. Аружан Орынбайды өлтірді деген күдікпен 18 және 19 жастағы екі жігіт айыпталып жатыр. Бірі ауылдың экс-әкімінің , екіншісі ауылдың ауқатты азаматының ұлы.

Жаға ұстатарлық жағдай Төрткүл ауылында биыл сәуір айында болған. 9-сыныпта оқитын Аружанды 11 сынып оқушысы мен 19 жасар ауылдасы жалаңаш фотоңды жариялаймыз деп, миллион теңге талап еткен. "Фотодағы қыз мен емес, сендерді ағам айтып беремін" дегенде екі қаскөй 15 жасар қызды бірнеше мәрте пышақпен ұрып, денесін суға ағызып жіберген. Сот енді басталғанымен, Аружанның жақындары ауқатты отбасынан шыққан сотталушылар жазадан құтылып кетуі мүмкін деп отыр.