Bugin

2 жасар баланың қолы электрлік ет тартқышқа қысылып қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Шымкент қаласы ТЖД

Шымкентте 2 жасар баланың қолы электрлік ет тартқышқа қысылып қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Жазатайым оқиға кеше кешкісін болды. Аға фельдшер Сержан Сабденов пен фельдшер Нұрғали Ташкенбаев және құтқарушы Жанболат Омаров сәбиге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Дәрігерлер баланы наркозбен ұйықтатқан сәтінде, шұғыл әрекет ету бригадасы апаттық-құтқару жабдықтарын қолданып, баланың қолын ет тартқыштан босатып алды.

Қазіргі таңда бүлдіршін жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

"103" қызметінен жазатайым оқиға туралы шақыру Қызыл Әскер трассалық медициналық-құтқару пунктіне 15 қыркүйекте сағат 21:37-де келіп түсті.

"Оң қолдың бірнеше жерден сынуы» диагнозы қойылған бала Абай ауылының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Құрметті ата-аналар жас балаларға мұқият қарап, абай болыңыздар!" - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.