Bugin

Екібастұзда өртке оранған сарайдан ер адамның денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Павлодар облысында Екібастұз қаласының өрт сөндірушілері шаруашылық нысанындағы өртті сөндіру кезінде 49 жастағы ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Құтқару қызметіне Екібастұзда монша өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына ТЖД-ның 16 қызметкері мен 6 бірлік техникасы, сондай-ақ полиция мен медициналық қызмет қызметкерлері де аттанды.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өрт шаруашылық нысанынан шыққанын анықтады.

"Өртті жою барысында өрт сөндірушілер осы нысанда тұрып жатқан 1974 жылғы ер адамның денесін тапты. Өрттің себебі анықталу үстінде",- деп хабарлайды Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.