Bugin

Алматыда әйелді екі баласымен бірге өлтірген күдікті туралы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: POLICE_of_KZ

Полиция қызметкерлері анасын және оның кәмелетке толмаған балаларын өлтірген күдіктіні қолға түсірді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 41жастағы Алматы қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

"Аталған дерек Іле аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (екі немесе одан да көп адамды өлтіру) және 99-бабы 3-бөлігі (жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде", - деді Алматы облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.

Ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Күдікті қылмыстың ізін жасыру мақсатында үйді өртеп жіберген", - деп атап өтті Б. Әленов.