Bugin

Ақтауда спортшының өліміне қатысты тың мәліметтер шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay.com

Адвокат Ажар Әбділ ақтаулық спортшы Валерия Шалнованың өліміне қатысты тың мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Адвокаттың қолында адам өлтіру оқиғасы болған шілденің 1-нен 2-сіне қараған түні түсірілген бейнекамераның жазбасы болған.

Естеріңізге сала кетейік, 21 жастағы Валерия Шалнованың мәйіті МАЭК су алатын каналдың маңынан табылған болатын. Полиция бұл істі алдымен "өз-өзіне қол салуға итермелеу" (ҚР ҚК 105-бабы) бойынша тергей бастады. Кейін бұл іс "қауіпті жағдайда қалдыру" санатына ауыстырылды. Артынша құқық қорғау органдары істі қайта саралап, қазір іа кісі өлтіру (ҚР ҚК 99-бабы) бойынша тергеліп жатыр.

Марқұмның әпкесі Каролина Шалнова сіңлісінің өлімі әділетті тергелмей қала ма деп қорқады.