Bugin
Фото: te.20minut.ua
Батыс Қазақстан облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 17 қыркүйек күні сағат 19:30 шамасында Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы, Бекей кентінің жанында болған.
Самара - Шымкент республикалық автожолының 290-шақырымында DAF фурасы мен Lada Priora жеңіл көлігі соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан 6 адам қаза тапты. Олар: 34 және 33 жастағы ересек адамдар, 11, 12, 5, 1 жастағы кәмелетке толмаған балалар. Жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі зардап шекті.
"Жол апатының толық мән-жайын анықтау мақсатында оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр",-делінген хабарламада.