Bugin

Талғарда бес адам жабылып, бір адамды аяусыз соққыға жыққан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: gov.kz

10 қыркүйекте сағат 02:30 шамасында Талғар қаласындағы жанармай құю станциясының бірінде белгісіз тұлғалар себепсіз 1999 жылғы азаматқа дене жарақатын салған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Аталған дереу ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша Талғар ауданы ПБ-да тіркелді.


"15 қыркүйекте жедел іздестіру шараларын өткізу барысында Алматы облысы ПД,  ҰҚКБ қызметкерлері 1998, 1999 және 2000 жылғы бес күдіктіні ұстады", -делінген хабарламада.


Қазіргі уақытта ұсталған адамдардың өзге қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Аталған дерек бойынша жан-жақты, толық және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Істің негізгі қатысушылары УҰИ-ға қамаққа алынды.