Bugin
Фото: ua.news
Өзбекстан азаматы Түркістан облысындағы шаруа қожалықтарының бірінде 5 жылдан аса уақыт құлдықта болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті.
"Ер адамның төлқұжатын алып, 2017 жылдан бері мал бағуға мәжбүрлеген. Жәбірленуші мал қорада тұрған. Жұмыс істемеймін деп қарсылық көрсеткенде оған физикалық және психологиялық қысым жасалған", - дейді ІІМ өкілі.
Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 53 жастағы жәбірленушіні заңсыз еңбекке мәжбүрлеген екі азамат ұсталды.