Bugin

Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы: "Алда допинг бақылау бар"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: sport.kz

Еркін күрестен әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқан (92 келі) жеңіп алған жүлдесі жөнінде пікірін білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Дүбірлі дода Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатыр. Әлем чемпионатында Ризабек барлық қарсыласынан басым түсіп, жеңіс тұғырына көтерілді.

Ризабек Айтмұқан финалға дейінгі төрт кездесудің барлығында жеңіске жетті. Алдымен венгриялық Балаж Юхасты 13:3 есебімен жеңсе, одан кейін түркиялық Фейзулла Актюркті 11:0 есебімен тізе бүктірді.

Ал жартылай финалда грузиялық Мириани Майсурадзеден басым түссе, финалда әзербайжандық Осман Нурмагомедовті қапы қалдырды.

Алған жүлдесі жөнінде, алдағы мақсаты жөнінде пікірін білдірді.

"Бұл жеңіс үлкен еңбекпен келді. Әкем мені таңғы сағат 6-6:30-да оятып, жаттығу жасауға көңіл бөлетін. Одан кейін спорт мектебіне берді. Тоғыз жылдай жаттығу жасадым. Сәттілік серік болып, еркін күрестен еліміздің атынан тұңғыш әлем чемпионы болғаныма қуаныштымын. Әзірге мұндай жоғары табысқа қол жеткізгенімді сезіне алмай тұрған секілдімін. Алда допинг бақылау бар. Елге оралғаннан кейін жетістігімді өз деңгейінде сезіне аламын деген ойдамын", - деді ол.

Айта кетсек, бұдан бұрын әлем чемпионатында еркін күрестен Азамат Дәулетбеков (86 келі) қола жүлдегер атанды.