Bugin

Жеке тұлғаларға салық көбейе ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay.com

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкіметтің баспасөз орталығында жеке тұлғалардың салығы жайлы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

"Жеке тұлғалар үшін бірдей салық жүктемесі жоспарлануда. Сонымен қатар әлеуметтік салық бойынша 2000 жылы 29 пайыз деңгейінде болған салық жүктемесі қазір 19 пайызды құрайды. ЖТС жалақыға да қайта қаралмайды, бірақ біз ЖТС-ны каскадты етуді жоспарлап отырмыз.

Яғни, пассивті кірістерге, акцияларға, облигацияларға, басқа да бағалы қағаздарға прогрессивті, пассивті кірістің құны неғұрлым жоғары болса, мысалы, 100 миллион теңгеден бастап, егер 150 миллионға дейін  15 пайыз болса, 300 миллионнан астам теңгеге 20 пайыздан жоғары болады. Бұл халықтың орта топтарына әсер етпейді", - деді ол.