Bugin

"Діни ағым өкілі": БҚО-да белгісіз азамат әйелді зорламақ болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: БҚО ПД баспасөз қызметі

Ақсай қаласында бейнекамера жазбасы арқылы қылмыскер анықталды. Жедел уәкіл қызметкерлеріне қылмыскердің ізін анықтауға қылмыс жасалған аумақта түсірген бейнебақылау камераларының жазбалары көмектесті, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қылмыс қыркүйектің 9-ына қараған түні Ақсай қаласында болған. Сол күні 1991 ж.т. әйел түнделетіп үйіне келе жатып, жігітті кездестіреді. Ол белгілі бір мекен-жайды айтып, мұны әңгімеге шақырады. Алайда танысу барысы күш қолдануға дейін жетіп, зорламақшы әрекет жасайды. Әйел қашып үлгереді. Қылмыскер де оқиға орнынан бой тасалайды. Үйіне келген жәбірленуші жедел жәрдем шақырып, полицияға хабарласады. Полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасаған Ақсай қаласының 34 жасар тұрғынын ұстады", - делінген хабарламада.

Ұсталған азамат деструктивті діни ағымның ұстанушысы екені анықталды.

Күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес УҰИ-ға қамалды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы – 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.