Bugin
Фото: astanatv.kz
Алматы облысындағы Байсерке – Өтеген батыр тасжолында әйел адам тазы итті көлікке байлап сүйреген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Алматы облысының полицейлері көлік жүргізушісін тапты. Жүргізуші 69 жастағы әйел.
"Полиция қызметкерлері иттің 42 жастағы иесін анықтады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабының 1-бөлігінің 4-тармағы "ҚР-ның заңнамасында жануарларға жауаптылықпен қарау саласындағы белгіленген ережелерді бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", – деп жауап берді полиция департаменті.