Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: astanatv.kz
Батыс Қазақстан облысында өзіне көнбеген қызды бес рет пышақтаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы astana.kz арнасына сілтеме жасап.
Полиция оның деструктивті діни ағымның өкілі екенін мәлімдеді. Туыстарының айтуынша, жұмысынан түнде шыққан бойжеткенге бейтаныс жігіт күш көрсетіп, көшеде зорламақ болған. Бірақ қыз дегеніне көнбегесін, мойны мен бетінен бес рет пышақтап, қашып кеткен.
Қансыраған қыз үйіне келгесін, жедел жәрдем шақырып, полицияға хабарласады. Қазір күдікті ұсталып, қамауда отыр. Бірақ туыстары оған тағылған айыппен келіспейді. Өйткені қылмыскер қорғансыз қызды пышақтап өлтірмек болған дейді.
Жәбірленушінің туыстары күдіктінің адам өлтірмек болғанына сенімді. Енді осыны дәлелдеу үшін прокуратураға шағымданбақ. Полиция дерегінше, күдікті 34 жастағы азамат.