Bugin
Фото: astanatv.kz
Астана қаласында 7-сынып оқушысы жұмбақ жағдайда көз жұмды. Марқұмның денесі көпқабатты үйдің ауласынан табылған. Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім жоғарғы қабаттан құлаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы astana.kz арнасына сілтеме жасап.
"Маған өзіміздің сол қыздар звондады. Сіздің секциядан бала құлады деп. Мен мүмкін емес деп, жүгіріп шығып қарасам, екі бетінен жатыр екен"- дейді көпқабатты үй тұрғыны.
Жеткіншек Астана қаласындағы №17 мектеп-гимназиясында оқыған. Бұл мектепке өткен жылы ауысып келіпті. Ұстаздары оқушының ашық мінезді әрі сыныптастарымен де, ұстаздарымен де жақсы қарым-қатынаста болғанын айтады. Осы уақытқа дейін оның біреумен керіскенін көрген емеспіз дейді.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бұған қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Әлеуметтік желіде оқушы қатарластарынан зәбір көріп, өзіне-өзі қол салды деген ақпарат тарауда. Алайда, құзырлы мекемелер мұны теріске шығарды, жалған мәліметтерді таратпауға шақырды.