БІЛІМ

ТОП-3. Көп тіл білетін қазақстандық жастар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz / Томирис Мұхамеджан

22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні. Қазіргі таңда бірнеше тіл білу үрдіске айналып бара жатыр. Қазақ жастары арасында да бірқатар тіл біліп, кәсібін деңгелетіп, шетелге саяхаттап жүрген жастар баршылық. Bugin.kz порталы әлеуметтік желіде белсенді полиглот жастарды ұсынады.

Мәди Бәзілбек – полиглот, Jetil.kz тіл мектебінің негізін қалаушы. Instagram желісінде madeе.fazl атымен танымал азамат блогында ағылшын тілін үйренуге арналған түрлі лайфхактарды бөліседі.

Фото: Мәди Бәзілбектің Instagram парақшасынан алынды

Фото: Мәди Бәзілбектің Instagram парақшасынан алынды

Тілді тез меңгерудің жолдарын көрсетіп, музыкалық аспапта ән де шырқайды. Қазақ, ағылшын, жапон, түрік, орыс тілдерінде еркін сөйлейді.

Магда Бекахметова – 11 жастағы полиглот қыз. Қазақ, ағылшын, қытай, орыс тілдерінде сөйлейді. Испан, түрік, араб тілдерін де біледі.

Фото: Магда Бекахметованың Instagram парақшасынан алынды

Фото: Магда Бекахметованың Instagram парақшасынан алынды

Мақсаты – әлемнің барлық тілін үйрену және сол арқылы елімізге туристердің көптеп келуіне септігін тигізу.

Алдағы уақытта 70 тіл меңгерген Әл-Фарабиден де асып түссем деген арманы бар екен.

Мейіржан Таштай – әлеуметтік желіде Kimotashy есімімен танымал саяхатшы полиглот. Бұлай деуіміздің себебі, Мейіржан жиі саяхаттайды. Әлемнің көрікті жерлерінде түрлі адамдармен әңгіме-дүкен құрады. Мұндай контент халыққа өтімді екенін жылы пікірлер мен лүпілдерден байқаймыз.

Фото: Мейіржан Таштайдың Instagram парақшасынан алынды

Фото: Мейіржан Таштайдың Instagram парақшасынан алынды

Мейіржан Таштай ағылшын, араб секілді танымал тілдерді ғана емес, екінің бірі біле бермейтін тілдерді меңгергенімен ерекшеленеді. Ол такси жүргізушісі немесе базардағы сатушымен солардың ана тілінде сөйлеседі. Кейбір кейіпкерлер көзіне жас алып жатады. Халқы аз, тілі жойылуға шақ қалған азаматтар күнін көру үшін үлкен елдерге баратынын жақсы білеміз. Бейтаныс адам ана тілінде сөйлесе, кімнің де болсын көңілі босары анық.

"Бір тіл білген – бір адам, екі тіл білсе – екі адам" деген жақсы сөз бар. Кез келген адам мидағы шекарадан шығып, бірнеше тілді еркін меңгере алатынына осы жастар дәлел бола алады.